Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Суретті түсірген – Зылиха БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, «Egemen Qazaqstan»
Салтанатты кеш барысында ұстаздар шәкірттеріне арнап ән шырқап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ал ата-аналардың ақ тілегі мен ыстық ықыласы көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Бала күннен қолынан жетектеп өсірген перзенттерінің азамат болып, үлкен өмірге қадам басуы – әр ата-ана үшін толқынысқа толы сәт екені анық.
Кештің ең әсерлі бөлігінің бірі – түлектердің вальс биі болды. Әсем әуен ырғағымен билеген жас түлектер мектеп қабырғасындағы соңғы кештерінің бірін естелікке айналдырды. Бұл би – балалықпен қоштасып, болашаққа жасалған сенімді қадам секілді әсер қалдырды.
Соңғы қоңырау: Елімізде 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты
Оқушыларына жүрекжарды тілегін арнаған 11-сынып жетекшісі Бекболат Зайкенұлы түлектерге алдағы ҰБТ-да сәттілік тілеп, өмір жолында адаспай, білімді де тәрбиелі азамат болуға шақырды. Ұстаз өз сөзінде әр шәкіртінің болашағынан үлкен үміт күтетінін айтып, мектеп қабырғасындағы әр сәттің қымбат естелік болып қалатынын жеткізді.
Бір айдан соң мектеп бітіру кеші өтеді: Қымбат кеш − мәртебе ме, ысырап па?
Бүгінде түлектердің ойында бір ғана мақсат – Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, армандаған мамандық иесі атану. ҰБТ – тек сынақ емес, үлкен өмірге апарар баспалдақ. Сондықтан бүгін оқушылармен қатар ұстаздар мен ата-аналар да ерекше толқып жүр.
Жанбота БАХЫТБЕК,
ЕҰУ студенті