Астанада мемлекеттік нөмірі жоқ жүк көлігі жүргізушілері жазаланды видео

06.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елордада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді. Қалада жүргізушілерді тексеру және камерадан жалтару әрекеттерін анықтау мақсатында рейдтік шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.

Елордада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді. Қалада жүргізушілерді тексеру және камерадан жалтару әрекеттерін анықтау мақсатында рейдтік шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.

Полиция мәліметінше, фото-видеотіркеу жүйелері мен салмақтық бақылаудан жалтару үшін мемлекеттік нөмірлерді әдейі шешіп алатын жүргізушілерге ерекше назар аударылып жатыр.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба

Жедел алдын алу шаралары кезінде осындай екі дерек анықталған.

Бірінші жағдайда 30 жастағы жүргізуші мемлекеттік нөмірсіз жүк көлігін тізгіндеп, жолдың жүру бөлігіне лай шашқан. Оған айыппұл салынды.

Екінші жағдайда 25 жастағы жүргізуші де нөмірсіз жүрген, сонымен қатар ол бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды. Екі көлік те айып тұрағына қойылды.

Полицияның мәліметінше, жүргізушілер жауапкершіліктен қашу мақсатында камера орнатылған учаскелердің алдында нөмірлерін әдейі шешіп отырған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью