Астанада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды

20.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Елордада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға 10 желтоқсанда Марал көпірінің маңында болды. Серуендеп жүрген кезінде Азамат Омарұлы көмек сұраған дауысты естіп, суға батып бара жатқан адамға дереу көмекке ұмтылады.

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАстанада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды

Астанада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды

© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана

Оның жедел әрі батыл әрекетінің арқасында 62 жастағы ер адамның өмірі аман қалды.

"Есіл өзенінде мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін Айткен Азамат "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Салтанатты рәсімде Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Мұхаметкалиұлы Күлдіков Айткен Азаматқа медальді табыс етіп, батыл әрекеті үшін алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью