Астанада мыңнан астам адам бір мезетте төс қағысып, көрісті

14.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Астанада Ататүрік саябағында Амал мерекесіне орай ежелгі Көрісу рәсімі өткізілді.

Оған мыңнан астам адам қатысып, бір мезетте бір-бірімен көрісіп, көктемнің келуімен құттықтады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі.

© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанада Көрісу рәсімі өтті

Астанада Көрісу рәсімі өтті

© Photo : Астана қаласының әкімдігі

Саябақта Көрісу күніне арналған ауқымды театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.

"Мереке символикалық түрде бата берумен басталды. Қыдыр ата мен Ұмай ана бейнесіндегі әртістер жиналған жұртқа амандық, бақ-береке мен бақыт тіледі. Мерекеге жиналған мыңнан аса адам ұлттық киім киіп, ежелгі Көрісу рәсімін бір мезетте орындады", - делінген хабарламада.

Қатысушылар бір-бірімен төс қағыстырып, ізгі тілектер мен құттықтауларын білдірді. Одан кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Қала тұрғыны Жадыра Дадехан мерекелік іс-шараға отбасымен бірге келгенін айтты.

"Біз Жағалау шағын ауданында тұрамыз. Бүгін осында күйеуіммен және балаларыммен бірге келдік. Қысты аман-есен өткізіп, көктемнің келгеніне қуаныштымыз. Бүгін ауа райы да тамаша – күн ашық, жылы. Балаларға да Наурыздың қалай тойланатынын көрсеткім келді", – деді ол.

Айта кетейік, Астанада "Наурызнама" мерекелік онкүндігі аясында 200-ден астам іс-шара өтіп жатыр. Олардың қатарында мәдени бағдарламалар, қайырымдылық акциялары мен түрлі мерекелік шаралар бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью