Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Астанада "Мыңжылдық" аллеясындағы жұмыстардың бірінші кезеңі басталды. Қалалық ортаны дамытуға бағытталған бұл жоба елордадағы ең ірі нысандардың бірі болмақ: болашақ аллеяның ұзындығы 4 шақырымнан асады. Tengrinews.kz тілшісі құрылыс алаңына барып қайтты.

Жұмыс бір мезгілде екі жерде: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының маңында және "Нұрлы жол" вокзалының жанында басталды.
Құрылыс алаңынан ауыр техникаларды байқадық. Тракторлар, экскаваторлар мен тиегіштер болашақ желілік саябақтың негізін дайындап жатыр. Ауқымды аумақ қоршауға алынған.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, жобаның басты идеясы - қала тұрғындары мен қонақтары таза ауада қауіпсіз демала алатын көліксіз кеңістік құру.
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
"Мыңжылдық" аллеясы аллеясы қаланың қоғамдық кеңістік жүйесінің бір бөлігіне айналады деп күтіліп отыр.
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Астана әкімдігі Tengrinews.kz редакциясына жобаның эскиздерін ұсынды. Әкімдік ақпаратынша, көгалдандыруға, ыңғайлы жаяу жүргіншілер маршруттарын ұйымдастыруға және заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Астана әкімдігі ұсынған
Астана әкімдігі ұсынған
Әкімдіктің хабарлауынша, алдағы уақытта абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі: аллеяның жекелеген учаскелері біртіндеп өзара "түйістіріліп", тұтас әрі үзіліссіз кеңістікке айналады.
Астана әкімдігі ұсынған
Мән-жайЖоспар бойынша "Мыңжылдық" аллеясы елорданың оң жағалауындағы Сулы-жасыл желекті бульвардың жалғасы ретінде үлкен әрі жайлы жасыл саябаққа айналуға тиіс еді.
2023 жылғы 11 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өткізді. Президент басқа да мәселелермен қатар "Мыңжылдық" аллеясын жүйелі түрде дамытуды шұғыл қолға алуды тапсырды.
"Мыңжылдық аллеясы жоспар бойынша елорданың басты нысандарының бірі болуы керек еді. Іс жүзінде біз талғамсыз безендірілген ғимараттары бар, айналасы лас, ағаш орнына қураған шыбықтар егілген және инженерлік инфрақұрылымында түйткілдері көп екі көшеге ие болдық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.