Астанада найзағай ойнап, Алматыда күн жылынады 5 7 мамырға арналған болжам

04.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 5, 6 және 7 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 5, 6 және 7 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

5 мамыр күн бұлтты болады, күннің екінші жартысында аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +25...+27 градус жылы болады.

6 мамыр күн бұлтты болады, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.

7 мамыр күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +25...+27 градус жылы болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

5 мамыр күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +22...+24 градус жылы болады.

6 мамыр күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус жылы болады.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

7 мамыр күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.

Қазақстанда 36 градусқа дейін ыстық болады

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын айтқан: жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. 5 мамырда еліміздің солтүстігінде, 6–7 мамырда - батысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Түнде және таңертең батыста тұман түсуі мүмкін. Оңтүстікте +27…+36-ға дейін, оңтүстік-шығыста +20…+35 градусқа дейін күн жылынады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью