Астанада Наурыз мейрамына орай ауқымды дрон шоу өтті

21.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елордадағы «Қазақ елі» алаңында өткен ауқымды дрон-шоу түнгі аспанды жарқырата түсті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың дәстүрлі мұрасын бейнелейтін жарқын композицияларын тамашалады. Аспанда киіз үй, тайқазан, шұбат құйылған тостаған, түйелі керуен және асық бейнелері көрініс тапты.

Бұл образдар көшпелі мәдениетті, береке-бірлікті, күш-қуат пен ұлттық болмысты білдіреді.

Сондай-ақ, аспанда көктемнің келуі мен табиғаттың жаңаруын айшықтайтын үш өлшемді қызғалдақ бейнесі пайда болды. Күн мен айдың көріністері күн мен түннің теңелгенін меңзейді.

Шоудың соңында «Наурыз құтты болсын!» деген жазу көрініс тапты.

Еске салайық, Астанада 22 наурыз күні Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар жалғасады. Негізгі алаңдарда ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары ұсынылатын жәрмеңкелер мен фуд-корттар жұмыс істейді, шеберлік сағаттары мен дәстүрлі рәсімдер көрсетіледі.

Астанада Наурыз мейрамы ауқымды деңгейде тойланып жатыр

Сол сияқты қазақша күрес, садақ ату, гір спорты, қол күресі және асық ату бойынша жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

Соңғы жаңалықтар

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Президент • Бүгін, 11:40

Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 11:34

Ынтымақ күні: Қазақстанда Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні тойланып жатыр

Мереке • Бүгін, 11:23

Бүгін елордада ауқымды дрон-шоу өтеді

Елорда • Бүгін, 11:05

Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 10:33

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Бұқараны біріктіретін мейрам

Мереке • Бүгін, 09:50

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:35

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью