Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Елордалық креатор, қолөнер шебері Нұргүл Ялымова мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың аналарына арнап тақия кестелеу бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Қатысушылар сәндік-қолданбалы өнер дәстүрлерімен танысып, өз қолымен ұлттық бұйым жасап көрді.
Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар кесте тігу әдісін үйреніп, ою-өрнектердің мәнімен танысты.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіҰйымдастырушының айтуынша, жобаның басты мақсаты — ұлттық дәстүрлерді сақтау, шығармашылық қабілетті дамыту және ерекше балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
Креатор мұндай қайырымдылық шығармашылық сағаттарын мектептерде, қарттар үйлерінде және ауруханаларда да тұрақты түрде өткізіп тұрады.
Осыған дейін Қазақстан мектептерінде ерекше назарды қажет ететін балаларға педагогикалық сүйемелдеу енгізілетіні белгілі болды.