Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Астана Полиция департаменті мәліметінше, көлік жүргізушісінің жеке басы анықталып, оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
– Құзырлы органдар азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жедел қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін кез келген құқық бұзушылықтарға қатаң түрде тосқауыл қойылады, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанадағы тұрғын үй кешенінде өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр екенін жазғанбыз.
12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға кезінде пәтер ішінде бір отбасы болған. Өрт салдарынан үш бала мерт болып, олардың анасы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар үш бала қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.