Астанада өртті сөндіруге 100 адам жұмылдырылды

28.12.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласында үш қабатты ғимараттағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жеке құрамнан 100 адам және 24 техника жұмылдырылды. Ведомствоның мәліметінше зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Ғимарат қаланың оң жағалауында, Дүкенұлы көшесінде орналасқан.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью