Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АЛМАТЫ, 15 тамыз - Sputnik. Астанадағы "Шығыс" тұрғын үй кешенінде қайғылы жағдай болды. Отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыптылардың екеуі де қаза болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ерлі-зайыпты жанжалдасып, күйеуі әйелін өлтірген. Кейін өзіне қол жұмсаған.
Көршілердің айтуынша, оқиға 12 және 14 жастағы балаларының көзінше болған.
Астана полициясы адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал барысында 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған. Алған жарақаттарының салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды", - дейді полиция.
Тергеу жүріп жатыр.