Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 2,5 мыңға жуық шетелдік қонақ қатысады. Турнир сегіз дисциплина бойынша өтіп, төрт спорт алаңында ұйымдастырылады.
Киберспортшы Данил Голубенко халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Баспасөз мәслихатында журналистер неге спортшылардың тұруы мен тамақтану шығындарының ұйымдастырушылар есебінен өтелетінін сұрады. Ұйымдастырушылар мұндай тәжірибе бұған дейін Қазан мен Әбу-Дабиде өткен турнирлерде де қолданылғанын және халықаралық талаптарға сай келетінін айтты.
Сондай-ақ шақырылған спортшылардың тұруы мен тамақтануына кететін шығындар жоба бюджеті есебінен емес, демеушілердің қаржысы арқылы жабылатыны нақтыланды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Болашақ ойындарының» басты мақсаты – Қазақстанда киберспортты, цифрлық спортты және инновациялық спорт бағыттарын дамыту.
Айта кетейік, бұған дейін киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келгенін хабарлаған едік.