Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
жарыстың сөресі мен мәресі «Қазақ елі» монументі маңындағы Тәуелсіздік алаңында орналасады. Қатысушылар Астананың басты көшелері мен көрікті жерлерін жүгіріп өтеді. Ұйымдастырушылар іс-шараға спортшылармен қатар жанкүйерлер мен қонақтар да келе алатынын хабарлады.
Елордада марафонға байланысты ондаған көше жабылады
Қатысушыларға төрт түрлі формат ұсынылады: 21,1 шақырымдық жартылай марафон, 10 шақырымдық жүгіріс, 10 шақырымдық скандинавия жүрісі және «Экиден» команда эстафетасы. Жарысқа кәсіби спортшы да, әуесқой жүгіруші де қатыса алады.
Белгіленген уақыт ішінде мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль табысталады.
Іс-шарада Қазақстан жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп 21,1 шақырым қашықтық бойынша ел чемпионаты да ұйымдастырылады. Чемпионатқа елдің үздік желаяқтары қатысып, нәтижесі федерацияның ресми есебіне енеді.
Марафон бағдарламасы:
05:00 – сөрә мен мәренің ашылуы;
05:30 – қыздырыну жаттығуы;
05:45 – 21,1 км, элиталық топ және «Экиден» қатысушыларын сапқа тұрғызу;
06:00 – 21,1 км жарысы мен эстафетаның басталуы;
06:20 – қыздырыну жаттығуы;
06:35 – 10 км жүгіріс пен скандинавия жүрісінің қатысушыларын сапқа тұрғызу;
06:50 – 10 км жарысы мен скандинавия жүрісінің басталуы;
08:50 – жеңімпаздарды марапаттау рәсімі;
10:00 – мәренің жабылуы;
11:00 – іс-шараның ресми аяқталуы.