Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

12.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

10–11 сәуір күндері Астанада халықаралық ғылыми-білім беру форумы – Nobel Fest x Teachers’ Summit өтті, деп жазады Egemen.kz.

Аталған алаң сарапшыларды, ғалымдарды, педагогтарды, басқарушыларды және білім беру саласының көшбасшыларын біріктірді.

Биылғы форум «Суперинтеллект дәуіріндегі адам» тақырыбына арналды. Негізгі назар технологиялардың қарқынды дамуы, жасанды интеллектінің өрістеуі және білім беру модельдерінің өзгеруі жағдайында адамның қалай трансформацияланып жатқанына аударылды.

2026 жылғы Nobel Fest адам мен жасанды интеллектінің өзара әрекеттестігіне, нейроғылымға, сыни ойлауға және оқытудың жаңа тәсілдеріне басымдық берді. Форум тек технологиялық мүмкіндіктерді ғана емес, одан да терең сұрақтарды талқылауға мүмкіндік берді: ойлау қалай өзгереді, ми қалай бейімделеді, балаларды неге және қалай оқыту керек, тұрақсыздық дәуірінде көшбасшылық қандай болмақ.

Форумның алғашқы күні ауқымды ашық бағдарламаға арналды. Талқылау өзегінде ми қызметі, өзгерістер психологиясы, жаңа буын балалары және цифрлық ойлау дәуіріндегі мектеп мәселелері болды. Күн тәртібін нейрофизиология профессоры, ММУ-дың нейрофизиология және нейроинтерфейстер зертханасының меңгерушісі Александр Каплан ашты. Ол өз сөзінде жасанды интеллект дәуіріндегі ми, нейропластикалылық, бейімделу және жаңа интеллектуалдық ортадағы адамда жүріп жатқан өзгерістер туралы айтты.

Осы тақырыптың жалғасы ретінде баланың миы бүгін қалай үйренетіні және неге жаңа буынның ойлауы өзгеше екені талқыланды. Форум барысында білім беру тек бағдарламалар мен технологиялар деңгейінде ғана емес, тереңірек – когнитивтік орта деңгейінде өзгеріп жатқаны атап өтілді. Демек, мектеп тәжірибелері, ата-аналық тәсілдер және даму туралы түсініктің өзі қайта қарауды қажет етеді.

Бағдарламаның бір бөлігі өте жылдам өзгерістер психологиясына арналды. Қатысушылар белгісіздік жағдайында өмір сүруге қалай үйрету керектігін, неге эмоционалдық жетілу білім берудің бір бөлігіне айналып жатқанын және өзін-өзі реттеу, тұрақтылық пен бейімделгіш интеллект дағдыларының қазіргі заманның негізгі құзыреттеріне айналғанын талқылады. Форум өзгермелі әлемде ой айқындығын және ішкі тұрақтылықты сақтаудың практикалық жолдарын ұсынды.

Келесі тақырып балалар мен тәрбие мәселесіне ойысты. Негізгі спикерлердің бірі – «The Danish Way of Parenting» кітабының авторы Джессика Джоэль Александер болды. Оның қатысуы форумға халықаралық сипат берді. Ол өз сөзінде эмпатияны бала бойында ерте жастан қалыптастыру қажет негізгі дағдылардың бірі ретінде атап өтті.

Сондай-ақ, ол дат мәдениетіндегі «hygge» ұғымына тоқталды. Бұл – ішкі жайлылық, қауіпсіздік, сенім және эмоционалдық жақындық сезімімен байланысты түсінік. Сонымен қатар mindfulness — саналы түрде өмір сүру, өз күйін сезіну және қазіргі сәтте болу қабілеті де талқыланды. Негізгі назар сыни ойлау, эмоционалдық интеллект және жылдам шешімдер дәуіріндегі тәрбиеге ауды.

Александер баланың дамуындағы ойынның рөліне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, ойын –қосымша емес, баланың әлемді тануының табиғи әрі қажетті тәсілі. Ойын арқылы бала эмоциясын түсінеді, қиялын дамытады, тұрақтылық пен әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады. Сондықтан балаларға ойнауға мүмкіндік беру маңызды. Ол сондай-ақ қазіргі білім беру тек академиялық нәтижелерге ғана негізделмеуі тиіс екенін айтты. Біліммен қатар эмпатия, қарым-қатынас дағдылары, эмоционалдық жетілу және ішкі тұрақтылық секілді адами қасиеттердің маңызы артып келеді.

Бағдарламада кәсіби стресс мәселесіне де ерекше назар аударылды. Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты профпатолог дәрігер Дана Абзалиева жұмыс орнындағы стресс көптеген мамандар үшін қалыпты жағдайға айналғанын атап өтті. Әсіресе жауапкершілігі жоғары салаларда қызметкерлер созылмалы күйзелісті байқамай, оны қалыпты жағдай ретінде қабылдайды.

Сонымен қатар стресс «жасарып» бара жатқаны айтылды: қазір оған тек ересектер емес, студенттер де жиі ұшырайды. Үнемі жиналған психологиялық жүктеме уақыт өте келе ағзаны әлсіретіп, шешім қабылдау сапасын төмендетеді. Абзалиева тыныс алу жаттығулары мен медитацияны стресс деңгейін төмендетудің тиімді тәсілдері ретінде атап өтті. Оның айтуынша, өзін-өзі реттеу және күйзеліске қарсы тұру дағдыларын мектептен бастап қалыптастыру қажет.

Білім беру саласындағы жасанды интеллект, педагогикалық дизайн және data engineering бойынша сарапшы Андрей Комиссаров соңғы бір жылда жасанды интеллект тар ауқымды тақырыптан күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын айтты. Дегенмен, негізгі мәселе хайпта емес, білім беру жүйесінде қандай нақты өзгерістер болғанында.

Оның пікірінше, жасанды интеллектті тек генеративті модельдермен шектеуге болмайды. Сонымен қатар түсінікті, басқаруға болатын жүйелер де бар. Қазіргі таңда жабық модельдер басым болып, сапасыз контент ағыны артып отыр. Бұл мектептерді балалардың назары мен ойлау қабілеті үшін күресуге мәжбүрлейді.

Ақпараттық артық жүктеме жағдайында балалар маңыздыны ажырату қабілетін жоғалтып, ерік-жігері, мотивациясы, армандау және жауапкершілік алу қабілеті әлсіреп барады. Сондықтан білім беру жүйесі технологияға ғана емес, ең алдымен адамның ішкі қасиеттерін –саналы болу, жауапкершілік, эмпатия, ерік-жігерді дамытуға бағытталуы тиіс.

Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?

Форумның алғашқы күні мектептің болашағы тақырыбымен қорытындыланды. Қатысушылар білім беруді цифрландыру, жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері мен шектеулері, жаңа білім беру модельдері туралы пікір алмасты. Негізгі сұрақ – қандай құралдарды қолдану емес, жаңа дәуірде мектеп қандай адамды қалыптастыруы керек деген мәселеге тірелді.

Форумның екінші күні көшбасшыларға, директорларға, педагогтар мен психологтарға арналған воркшоп форматында жалғасады. Бұл бөлім нейрокөшбасшылық пен эмоционалдық интеллектке арналады. Қатысушылар қажымай өнімді болу, креативті ойлау, когнитивтік қателіктер, назарды басқару, қысым жағдайында шешім қабылдау және эмоциялық күйдің көшбасшылыққа әсерін талқылайды.

Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны

Осылайша, суперинтеллект дәуіріндегі адам туралы әңгіме білім беру шеңберінен шығып, күрделі әлемде өзін басқару тақырыбына ұласты.

Айта кетейік, Nobel Fest жобасы 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде ол ғылым, білім және технология салаларындағы идеялар мен инновациялар алмасатын халықаралық алаңға айналды. Әр жылдары бұл жобаға әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен сарапшылар қатысып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер

Ғылым • Бүгін, 10:20

Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 10:03

Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:38

Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:20

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

Президент • Кеше

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

Президент • Кеше

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды

Президент • Кеше

Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді

Президент • Кеше

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады

Білім • Кеше

Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді

Спорт • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Президент • Кеше

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты

Ғылым • Кеше

Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью