Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Байқау төрт номинациялар бойынша өтеді:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Сонымен қатар, байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» үшін арнайы сыйлық қарастырылған.
Айта кету керек, конкурcқа жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесі немесе акциялары 50 пайыздан асатын ұйымдар қатыса алмайды.
Өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады.
Қатысушылардың құжаттары hr.enbek.kz порталы арқылы («Парыз» номинациясы) қабылданады.
Конкурс туралы толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:
55-68-34, 55-68-05, 55-68-11 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы);
57-49-38, 57-49-35, 57-49-36 (Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті);
55-75-74, 55-75-81 (Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы) телефондары арқылы алуға болады.
Айта кетейік, елдегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1577-ге артты.