Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

23.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: istockphoto.com

Тергеу мәліметінше, сотталушы таныстарының, көршілері мен бұрыннан араласатын адамдардың сеніміне кіріп, ипотека рәсімдеп, тұрғын үй сатып алу мәселелерін шешіп беруге уәде еткен. 

Осы сылтаумен ол жәбірленушілерден ақша алып, несие рәсімдетіп, алынған қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

Қарағандыда 94 жастағы әжейдің 1 млн теңгесін алдап алып кеткен күдіктілер ұсталды

Азаматтардың сеніміне кірген әйел жәбірленушінің бірін банкке екі бөлмелі пәтерін несиеге кепілге қоюға көндірген. Алғашында несиені өзі төлейтінін және үш бөлмелі пәтер сатып алуға көмектесетінін уәде еткенімен, алынған ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Соның салдарынан жәбірленушіге 9 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары алаяқтарға банк шоттарын тауып берумен айналысқан

Бұдан бөлек ол декреттік төлемді көбейтіп беремін деген желеумен таныстарының бірінен 5 млн теңгеден астам ақша алып, уәдесін орындамай кеткен.

«Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынды. Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жекелеген эпизодтар бойынша жасаған ісіне өкініш білдірді», делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен айыпталушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 18 талапкерді оқуға түсіремін деп алдап кеткен жоғары оқу орнының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шыққан болатын. Әр азаматтан 900 мыңға дейін ақша жымқырған қызметкер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью