Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Астанада полиция Айтеке би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің подъездегі терезесінен дәрет сындырған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол — 43 жастағы елорда тұрғыны, Ақмола облысының тумасы Тимур Жунусов болып шықты.
Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. ️
«Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың ар-намысы мен тыныштығына нұқсан келтіретін әрекеттерге міндетті түрде заң аясында тиісті шара қолданылады», - делінген полиция хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.