Астанада пробациядағы 12 адам тыйым салынған зат қолданғаны үшін жауапқа тартылды

30.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Прокуратураның мәліметінше, іс-шара барысында 69 адам тексеруден өтті. Маманның қорытындысы бойынша олардың 12-сі тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталды.

- Сот қаулысымен бұл азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде 10 адам әкімшілік қамаққа алынып, 2 адамға айыппұл салынды, - делінген ақпаратта.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, аталған шаралар қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға, пробацияда жүрген азаматтардың заңға және салауатты өмір салтына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, Талдықорғанда синтетикалық есірткімен ұсталған күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью