Астанада пышақ ұстап, жартылай жалаңаш жүгірген ер адам тұрғындарды шошытты

13.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада қолына пышақ ұстап, жартылай жалаңаш күйде көшеде жүгірген ер адам тұрғындардың зәресін алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның айналасына қауіп төндіріп жүргені көрінеді.

Аталған жағдайға байланысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

Полиция мәліметінше, құқық бұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылып, іс сотқа жолданған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью