Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Астанада қайтарылған активтер арасындағы элиталық коттедж сатылды. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сауданы электронды портал арқылы жүзеге асырды, деп хабарлайды Tengri Home тілшісі.
Поделиться
Екі қабатты коттедж Астананың Сарайшық ауданындағы "Саяжай" тұрғын алабында орналасқан. Үйдің ауданы 350,5 шаршы метрді, ал жер телімі 0,42 гектарды құрайды.
Электронды сауда порталынан алынған фото
Мұнда бір тұрғын үй және үш шаруашылық құрылысы бар. Негізгі екі қабатты үй 2005 жылы салынған.
Электронды сауда порталынан алынған фото
Порталда жарияланған фотосуреттер коттедждің ішкі көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді. Ішінде кең бөлмелер, камин аймақтары және бірнеше жуынатын бөлме бар.
Электронды сауда порталынан алынған фото
Бұдан бөлек, коттеджде монша, хамам және джакузиі бар жеке SPA-аймағы жабдықталған.
Электронды сауда порталынан алынған фото
Ауласы абаттандырылған: мұнда ағаштар егіліп, шыныланған демалыс орны (беседка) орнатылған.
Бағалау құны 416,3 миллион теңге болғанына қарамастан, жылжымайтын мүлік бастапқы бағамен — 353,8 миллион теңгеге.
Электронды сауда порталынан алынған фото
Нысанның сатушысы ретінде "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әрекет етті.
Бұған дейін Қазнет қолданушылары Астанадағы бағасы бір миллиард теңгеге жуықтайтын элиталық коттеджді қызу талқылаған болатын. Пікір қалдырушылардың назарын үйдің ауқымы ғана емес, оның өзіндік ерекше интерьері: алтынмен апталған декордың көптігі, ауыр жиһаздар, тіпті "алтын" унитаз да аударған еді.
Айта кетейік, Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша ауқымды науқанның жүріп жатқанына төрт жыл болды, осы уақыт ішінде елге бір триллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл бағытта арнайы заң да жұмыс істейді.
Бұл процесспен Бас прокуратура, арнайы комиссия, KUVA, Мемлекеттік мүлік комитеті, сондай-ақ ҰҚК мен Қаржылық мониторинг агенттігі айналысады.
Заң, ең алдымен, олигополиялық топтардың өкілдеріне, ірі жемқорларға және солармен байланысты тұлғаларға қатысты қолданылады.
Активтер ерікті түрде - мүлікті, ақшаны беру немесе инвестициялық міндеттемелер арқылы, немесе сот шешімімен мәжбүрлі түрде қайтарылуы мүмкін. Қаражат Арнайы мемлекеттік қорға түседі, ал жылжымайтын мүлік, автокөліктер, зергерлік бұйымдар мен өзге де құндылықтар сатылады, мемлекетке беріледі немесе басқа да тәсілмен пайдаланылады.
Шетелдегі мүлікті іздеу үшін Қазақстан Интерпол, БҰҰ, ЕҚЫҰ, FATF және активтерді қайтару жөніндегі халықаралық желілермен ынтымақтастық орнатқан.
Қайтарылған мүліктердің арасында бизнес-орталықтар, қонақ үйлер, жер телімдері, элиталық сағаттар, автокөліктер, антиквариат және ірі көлемдегі қолма-қол ақша бар.
Қаражаттың бір бөлігі еліміздің әр өңіріндегі ауруханалар, мектептер, су құбырлары, спорт нысандары мен әуежайлар құрылысына бағытталған.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу