Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 8, 9 және 10 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 8, 9 және 10 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы8 сәуірде көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күндіз күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні секундына 15 метр жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады.
9 сәуірде көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +13...+15 градус жылы.
10 сәуірде көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы түнде 9-14 м/с, күндіз секундына 2-7 метр жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +8...+10 градус жылы болады.
Алматыға арналған ауа райы болжамы8 сәуірде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +22...+24 градусқа дейін жылынады.
9 сәуірде көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +15...+17 градус жылы.
10 сәуірде көшпелі бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +17...+19 градус жылы болады.