Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: fingramota.kz
10-нан астам адамнан тұратын топтың әрбір мүшесінің нақты міндеттері бөлініп, олар азаматтарды 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы төленетініне сендіріп, автокредит рәсімдеуге көндірген. Несие бойынша барлық міндеттемені өздері өтейтініне уәде еткен.
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, алынған автокөліктер заңсыз сатылып, кейбірі Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарып жіберілген. Жәбірленуші деп танылған азаматтар саны 100-ден асып жығылады. Барлығы 165 автокөлік заңсыз рәсімделген.
«Айыпталушылар ұйымдасқан топ құрғаны, қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толық қанағаттандырылды», делінген хабарламада.
9 млрд теңге табыс тапқан: Ақтауда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін алаяқтар тыйым салынған қаржы пирамидаларының жұмысын Тұтыну кооперативтері арқылы жүргізіп, азаматтарды сан соқтырып отырғаны туралы жазылған еді.