Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Елордада жол қауіпсіздігіне қатер төндірген заңсыз көше жарысына тосқауыл қойылды. Қауіпті әрекетке барған жүргізушілер тобы дер кезінде тоқтатылып, жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Polisia.kz
Полицейлер Салық Зиманов көшесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті жарыс ұйымдастырып апаттық жағдай туғызған жүргізушілерді анықтады. Олардың әрекеті өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өміріне айтарлықтай қауіп төндірген.
Құқық бұзушылардың қатарында Skoda автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ Toyota Highlander көлігін басқарған екі адам болған. Олардың бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім, екіншісі – 33 жастағы азамат.
Барлық қатысушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілі де жауапкершілікке тартылды. Ол көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлғаға бергені, баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны және жасөспірімнің ересектердің қарауынсыз жүргені үшін жауап берді.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, барлық құқық бұзушының көліктері коммуналдық тұраққа қойылды.
Министрлік: Үш күнде 40 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді
Жалпы, жыл басынан бері елордада апаттық жағдай туғызғаны үшін шамамен 1800 жүргізуші, ал маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 3000-ға жуық жүргізуші жауапқа тартылған.
Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Әсіресе, қауіпті жүргізу, заңсыз көше жарыстары және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттер ерекше бақылауда тұр.
Соңғы жаңалықтар
Ұлттық орталық музейде айрықша сурет көрмесі ашылды
Руханият • Бүгін, 10:06
Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 10:04
Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:53
Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?
Үкімет • Бүгін, 09:47
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 09:32
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:18
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15
Әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды
Футбол • Бүгін, 09:10
«Елорда тазалығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік»
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:07
Ұлттық құрама – турнир жеңімпазы
Спорт • Бүгін, 09:05
Спорт • Бүгін, 09:03
Бауыржан Тахауов: Қайсар рух та қолдауды қажет етеді
Спорт • Бүгін, 09:00
Алаш тұлғасының қаламгерлік бастауы
Зерде • Бүгін, 08:58
Қылмыс • Бүгін, 08:55
Мультимедиа • Бүгін, 08:53