Астанада қаза болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісі сотқа жолданды

07.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Былтыр күзде Астанада тұрғын үйдің кірпіш қаптамасы құлап, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, тергеу аяқталып, қылмыстық іс соттың қарауына жолданған.

Сонымен қатар Астана қалалық сотының баспасөз қызметі қазіргі уақытта сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбегенін мәлімдеді. Іс сотқа түскеннен кейін оны қарау күні қосымша хабарланады.

Еске салайық, қайғылы оқиға өткен жылдың күзінде елордадағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Ғимараттың кірпіш қаптамасы опырылып құлап, салдарынан Ұлдана Мырзуан оқиға орнында көз жұмған еді. Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып, тұрғын үйлердің қасбеттерінің қауіпсіздігі мәселесін күн тәртібіне шығарған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью