Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Негізгі іс-шара — Ресейдің мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні «Астана Опера» театрының сахнасында өтеді. Бұл күні елордада Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі де басталып, фильм көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасады.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында 23 сәуірде ҚР Ұлттық музейінде екі елдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Айта кетейік, 2025 жылдың 10-13 қазаны аралығында Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдениет күндері өткен еді.
Еске сала кетейік, 4 сәуірде Мәскеудегі Чистые Прудыдағы Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен болатын. Бұл күні ескерткіштің 2006 жылы Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен ашылғанына тура 20 жыл толды,