Астанада QAZ.ARCHERY 2025 сыйлығы табысталады

20.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елордада үздік садақшылар марапатталды. Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген сұр мергендер мен олардың бапкерлеріне «QAZ.ARCHERY–2025» сыйлығы табысталады. 

Сондай-ақ жыл бедерінде нәтижелі жұмыс істеген федерация анықталды. Бас-аяғы алты аталым бойынша 11 мықты марапатталды. Солардың сабында әріптесіміз, 24кз телеарнасының тілшісі Аслан Қаженов те бар. Ол жылжабар жиында «Үздік тілші» атанды.

Нартай Сәрсенғалиев, «Sadaq atu» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті:

- Биылғы жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Бұйырса келесі жылы біздің дәстүрлі садақ атушыларымыз бұл деңгейден кемінде екі есе алға озады деген ойдамыз. Өйткені келесі жылы Кореяда Әлем кубогі күтіп тұр. Бұдан бөлек, ең басты додамыз – көшпенділер ойыны келе жатыр. Сондықтан осының барлығында біздің садақшыларымыз ең алдынғы қатарда көрінеді деген ойдамын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью