Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елордада туристік компанияда жұмыс істеген 27 жастағы азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қасиетті Мекке қаласына қажылық сапар ұйымдастырамын деп бірнеше адамды алдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Polisia.kz мәліметінше, күдікті азаматтарға жолдама рәсімдеу, виза алу және әуе билеттерін сатып әперемін деген сылтаумен алдын ала ақша алған. Алайда уәде етілген қызметтер көрсетілмей, қаражатты өзі иемденген.
Қазіргі уақытта алаяқтықтың 13 дерегі анықталған. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2 миллион 200 мың теңгені құрайды. Тергеу барысында жәбірленушілер санының артуы мүмкін екені де жоққа шығарылмайды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Аса ірі мөлшердегі алаяқтық және жалған ақпарат: Алматыда Санжар Боқаев ұсталды
Полиция азаматтарды туристік және қажылық қызметтерді рәсімдеу кезінде сақ болуға шақырады. Қызмет көрсетуші компанияның лицензиясын, келісімшарт талаптарын және төлем құжаттарын мұқият тексеру, сондай-ақ тек ресми тіркелген туроператорларға жүгіну қажет екенін ескертеді.
Соңғы жаңалықтар
24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді
Аймақтар • Бүгін, 15:37
112 мың теңге: Ел азаматтарының орташа айлық шығыны есептелді
Қоғам • Бүгін, 15:24
Батыс Қазақстанда қызылша дерті өршіп тұр
Аймақтар • Бүгін, 15:14
Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 15:00
Жәрдемақы көлемі арта ма? Еңбек министрлігі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:53
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Президент • Бүгін, 14:36
Сергей Ткаченко Польшада топ жарды: Ел қоржыны тағы үш медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 14:28
Жерді жойқын магниттік дауыл басады: Ғалымдар ескерту жасады
Оқиға • Бүгін, 14:20
Сенат Төрағасы: Жаңа Конституция – дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне берілген жауап
Қоғам • Бүгін, 13:58
Қоғам • Бүгін, 13:45
30 млн теңгеге пәтер алу үшін қанша табыс керек?
Экономика • Бүгін, 13:38
Қоғам • Бүгін, 13:35
Көпвекторлық 2.0: Президент Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатын қалай қайта құрды?
Үкімет • Бүгін, 13:22
Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер
Саясат • Бүгін, 13:17
Сағындық Қожамсейітов: Ғибратты ғұмыр белестері
Аймақтар • Бүгін, 13:10