Астанада құрылыс салушылардың ұзақ жылдар бойы заңды белден басып келгені анықталды

25.02.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл туралы құзырлы орган 2026 жылы 25 ақпанда хабарлады.

"Елорда прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде көппәтерлі тұрғын үйлердің едәуір бөлігінің құрылыс салушылары аталған заң талаптарын сақтамағаны және ұзақ уақыт бойы сыртқы инженерлік желілерді қаланың коммуналдық меншігіне беруді жүзеге асырмағаны анықталды. Көрсетілген міндеттің орындалмауы сумен, электрмен, жылумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұрақсыз жұмыс істеуіне әкеліп соқты. Осының салдарынан азаматтардың коммуналдық қызметтер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгіну саны артты, сондай-ақ инженерлік желілердің тиісті теңгерім ұстаушысының болмауы олардың уақытылы техникалық қызмет көрсетілуіне және жөндеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірді". Астана қаласының прокуратурасы

Нәтижесінде қазіргі таңда Астана қаласының прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі негізінде 46 көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері коммуналдық меншікке беріліп, тиісті қызметтердің теңгеріміне қойылды. Бұл шаралар инженерлік желілерге тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, апаттылық деңгейін төмендетуге, жоспардан тыс ажыратуларды барынша азайтуға, сондай-ақ елорда тұрғындарына коммуналдық қызметтердің тұрақты әрі сапалы көрсетілуіне мүмкіндік берді.

Бұған дейін прокуратура Алматыдағы автобус парктерінен өрескел бұзушылықтарды анықтағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью