Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Көктем шуағы" атты мерекелік акция өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акция аясында еріктілер орталық көшелер мен тұрғындар жиі жүретін орындарында аруларды мерекемен құттықтап, гүл сыйлады.
© Астана қаласының әкімдігіАстанада қыз-келіншектерге гүл шоқтары таратылды
Астанада қыз-келіншектерге гүл шоқтары таратылды
Күтпеген тосынсыйға тап болған қыз-келіншектер мен аналар еріктілерге алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Бүгін 1 мың дана қызғалдақ гүлі таратылды.
© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанада қыз-келіншектерге гүл шоқтары таратылды
Астанада қыз-келіншектерге гүл шоқтары таратылды
© Photo : Астана қаласының әкімдігі
"Бұл бастама нәзік жандыларға мерекелік көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың қоғамдағы рөлі мен еңбегіне деген құрметтің бір белгісі болды", - дейді еріктілер.
Айта кетері, мерекелік акция "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.