Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Астанада белгісіз ер адам қыздың соңынан еріп, кейін оған қатысты әдепсіз әрекет жасаған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Зардап шегуші полицияға арызданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода не бейнеленген?
Бұған дейін әлеуметтік желілерде видео жарияланды, онда көшеде келе жатқан қыз бен оның соңынан ерген белгісіз ер адам бейнеленген. Қыз ғимаратқа қарай беттегенде, ол да артынан еріп, есікті ашып берген. Қыз ішке кірмек болған сәтте ер адам оның бөксесінен түртіп, кетіп қалған.
Қыздың айтуынша, оқиғадан кейін ол полицияға жүгінген. Ол қызметкердің жазбадан ешқандай елеулі жайт көрмегенін және ер адамның енді оған зиян тигізуі екіталай екенін айтқанын алға тартады.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Пікір қалдырған көптеген әйел мұндай жағдайларға өздері де тап болғанын жазды.
Ер адамның кім екені анықталдыАстана қаласы полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көшеде қыздың соңынан еріп, оған қатысты әдепсіз сипаттағы әрекеттер жасаған.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша ер адам заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Алматыда әйелге тиіскен шетелдік қамауға алынды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу