Астанада референдум учаскесіне робот итпен келген қыз жұрт назарын аударды

15.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанадағы референдум учаскелерінің бірінде  ерекше көрініс тұрғындардың назарын аударды. Дауыс беруге ақ халат киіп, үйге арналған аяқкиіммен келген қыз қасына робот-итті ертіп алған. Ерекше перформанс көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыз сайлау учаскесіне кірген сәттен бастап-ақ назарға ілікті. Ақ халат пен робот-иттің үйлесімі жұртшылыққа ерекше әсер қалдырды. Көптеген адамдар бұл сәтті әлеуметтік желілерге жариялап, кадрлар қысқа уақытта Telegram-арналар мен басқа платформаларда кең тарады.

Робот-ит қызды дауыс беру рәсімі барысында бірге ертіп жүрген. Дегенмен, ол дауыс беру процесіне еш кедергі келтірмеген. Қыз тіркеуден өтіп, дауысын беріп, референдум бюллетенін жәшікке салған.

Сайлау учаскесіндегі бақылаушылар мен азаматтар бұл көріністі ерекше әрі қызықты сәт ретінде бағалады.

Ақмола облысында ерекше көрініс: сайлаушылар учаскеге бүркіт пен тазы алып келді

Еске салайық, бұл қыз 2024 жылы Атом электр станциясының (АЭС) мәселесі бойынша өткен референдумға да ақ халатпен келген. Биылғы референдумда да ол өз дәстүрін жалғастырып, дауыс беру рәсімін ерекше форматта өткізді.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады

Референдум • Бүгін, 10:33

Бекбаева: Учаскелерде ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалды

Референдум • Бүгін, 10:33

Референдум күні Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді

Референдум • Бүгін, 10:20

Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді

Референдум • Бүгін, 10:20

Алматыда тәуелсіз байқаушылар заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді

Референдум • Бүгін, 10:15

Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты

Референдум • Бүгін, 10:10

Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды

Референдум • Бүгін, 10:07

ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған

Референдум • Бүгін, 10:06

101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді

Референдум • Бүгін, 10:00

Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр

Референдум • Бүгін, 09:57

Қарағандыда үлгілі жұп референдумда таңдау жасады

Референдум • Бүгін, 09:55

Шиеліде даңқты диқанның 9 келіні дауыс берді

Референдум • Бүгін, 09:51

Бүгін еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады

Референдум • Бүгін, 09:47

Референдум: Ұлытау облысында 127 учаске жұмысын бастады

Референдум • Бүгін, 09:46

Шетелдегі ел азаматтары референдумға қатысып жатыр

Референдум • Бүгін, 09:38

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью