Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Елордада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі шымылдығын түрді. 26 сәуірге дейін жалғасатын мәдени шара екі ел арасындағы гуманитарлық және шығармашылық байланысты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фестивальдің ашылу рәсімінде «РОСКИНО» ұйымының бас директоры Эльза Антонова Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимованың құттықтау хатын оқып берді. Құттықтау хатта өнер мен кинематография арқылы ынтымақтастықты тереңдетудің маңызы атап өтілген.
Эльза Антонова өз сөзінде «РОСКИНО» жыл сайын әлемнің әр түкпірінде осындай фестивальдер өткізетінін айтып, Қазақстандағы кино мерекесінің орны ерекше екенін жеткізді. Оның айтуынша, биылғы бағдарламаға ресейлік прокатта жоғары бағаланған, заманауи киноның жанрлық әртүрлілігін қамтитын туындылар енгізілген.
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президентінің міндетін атқарушы Айдар Омаров мұндай бастамалар мәдени байланыстарды тереңдетіп қана қоймай, ұлттық кино өндірісін дамытуға да серпін беретінін атап өтті.
Фестиваль «Первый на Олимпе» спорт драмасының көрсетілімімен ашылды. Жалпы, 4 күн бойы көрермендерге 7 ресейлік фильм тегін ұсынылады. Олардың қатарында «Авиатор», «Буратино», «Чебурашка 2», «Красный шелк», «Три кота. Путешествие во времени» және «Август» картиналары бар.
Бағдарлама аясында делегация өкілдерімен кездесулер мен шығармашылық бағытта білім алып жүрген студенттерге арналған шеберлік сабақтары жоспарланған. Сонымен қатар көрермендер «Авиатор» фильмінің актрисасы Дарья Кукарскаямен және «Первый на Олимпе» картинасында ойнаған актер Антон Савватимовпен жүздесуге мүмкіндік алады.
Қазақстан мен Ресей мәдениет саласында қандай жобаларды жүзеге асырмақ?
Соңғы жаңалықтар
Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • Кеше
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Кеше
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Кеше
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше