Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарда "еңбектеніп" жүр.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Астана қаласының полиция департаменті төрт робот-итті қолданысқа енгізіп, оларды қоғамдық тәртіпті бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына пайдаланып жатыр.

"Қазіргі уақытта робот-иттер адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды бақылауға көмектесіпжатыр", - дейді министрлікте.

Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылап, бейнеақпаратты нақты уақыт режимінде тікелей жедел басқару орталығына жеткізеді. Бұл полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындардағы ахуалды жедел бағалап, қажетті жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу.

"Робот-иттерге интеграцияланған жасанды интеллект жүйесі бет-әлпетті сәйкестендіреді. Сәйкестік анықталған жағдайда жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл хабарламасы жіберіледі", - дейді полицейлер.

Бұл технология полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, іздеудегі адамдарды анықтау жұмысына қосымша қолдау көрсетеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью