Астанада робот курьерлер тегін қызмет көрсете бастады

31.07.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Астанада робот-курьерлер пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сынақтың алғашқы кезеңі аясында Есіл ауданының тұрғындары "Яндекс Лавка" сервисі арқылы тапсырыс бере алады. Ал робот-курьерлер тапсырысты тегін жеткізіп береді.

Роботтар тұрғын үйлерге дейін жаяу жүргіншілер жолымен қозғалып, кіреберіс маңындағы тротуарда немесе қолжетімді ең жақын жерде тоқтайды. Тапсырыс беруші оның қозғалысын мобильді қосымша арқылы бақылай алады. Робот келгеннен кейін смартфон көмегімен оның жүк бөлігін ашып, тапсырысты алуға болады. Робот-курьердің орташа жылдамдығы – сағатына 6 шақырым.

"Роботтар маршрутты өздігінен құрып, навигация жүйелері, компьютерлік көру және нысандарды тану технологиялары арқылы қоршаған ортаны талдайды. Олар кедергілерді анықтап, оларды айналып өтеді, жаяу жүргіншілерге жол береді, жылдамдығын төмендетеді және қажет болған жағдайда тоқтайды", – дейді мамандар.

Жақын уақытта робот-курьерлер арқылы жеткізу қызметі Нұра ауданының тұрғындарына да қолжетімді болады.

Айта кетері, пилоттық жобаға Астана қаласының әкімдігі, полиция департаменті, "Astana Innovations" АҚ және Yandex Qazaqstan компаниясы жауапты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью