Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Астанада топырақтағы органикалық көміртекті өлшеу мен бақылау тетіктері талқыланды. Сарапшылар жердің тозуын тежеу, көміртек жобаларын дамыту, халықаралық климаттық міндеттемелерді іске асыру бағытындағы ұсыныстарды ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Елордада FAO/GEF-7 «Қазақстанда климатқа төзімділікті қамтамасыз ету және жайылымдарды қалпына келтіру мақсатындағы агроорман-мелиорация» жобасы аясында топырақтағы органикалық көміртекті (SOC) өлшеу мен мониторинг жүргізу мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара жердің тозуын бейтарап деңгейге жеткізу (LDN), Париж келісімі аясындағы ұлттық үлестерді іске асыру (NDC), халықаралық көміртек саудасына қатысу мүмкіндіктерін қарастыруға арналды. Жиынға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық ұйымдар, сарапшылар қатысты.
Семинарды Экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқарма төрағасы Айгүл Соловьева ашты. Оның айтуынша, топырақтағы органикалық көміртек ғылыми талқылау шеңберінен шығып, елдің стратегиялық күн тәртібіне айналып отыр.
«Бүгінде топырақтағы органикалық көміртек тек ғылыми зерттеу нысаны емес. Бұл – орнықты даму, климаттық міндеттемелер, экономикалық мүмкіндікпен тығыз байланысты маңызды бағыт», деді ол.
Оның пікірінше, SOC әлеуетін бағалау мен бақылауға арналған ұлттық ақпараттық жүйе қалыптастыру мемлекет, ғылым, бизнес күшін біріктіруге мүмкіндік береді.
Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова халықаралық климаттық міндеттемелерді сапалы орындау өзекті екенін жеткізді.
«Ел бірқатар маңызды халықаралық міндеттеме қабылдады. Ендігі міндет – олардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта мониторинг пен есептілік жүйесін жетілдіру маңызды», деді депутат.
Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов жердің тозуы мәселесіне жүйелі көзқарас қажет екенін айтты.
«Жердің тозуы мәселесін тиімді шешу кешенді тәсілді талап етеді. Ол сенімді деректерге, заманауи бақылау құралдарына негізделуі тиіс», деді ол.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің топырақ ресурстары және климатқа төзімді егіншілік бағыты бойынша бас сарапшысы Соңберген Қанжар талқыланған тақырыптың практикалық маңызына тоқталды.
«Топырақтағы органикалық көміртекті бақылау жер жағдайын бағалаудың негізгі құралдарының бірі саналады. Бұл тиімді қалпына келтіру шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді», деді билік өкілі.
«Жерді зерттеу жөніндегі мемлекеттік институт» РМК басқармасының бұзылған және тозған жерлердің сапасын қалпына келтіру бағыты бойынша жетекшісі Мәулен Омаров топырақ деректерін қолдану тиімділігіне назар аударды.
Оның пікірінше, топырақ деректерін жинау ғана жеткіліксіз. Оларды тиімді технологияларды таңдауға, тозған жерлерді қалпына келтіруге пайдалану маңызды. Заманауи өлшеу тәсілдері басым бағыттарды нақты айқындауға мүмкіндік береді.
Қатысушылардың пікірінше, елде топырақтағы органикалық көміртекті өлшеу мен бақылаудың ғылыми негізделген бірыңғай жүйесін қалыптастыру өзекті. Мұндай жүйе жер жағдайының көрсеткішін айқындауға, қалпына келтіру технологияларын дұрыс таңдауға негіз болады. Еліміз БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясына, Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенцияға, Париж келісіміне қатысушы елдердің бірі.
Семинардың негізгі ұсыныстарының бірі – жердің тозуын бейтарап деңгейге жеткізуге арналған шешім қабылдауды қолдау ұлттық жүйесін (LDN DSS) құру. Бұл тетік жайылымдардың тозуын тежеу, тиімді технологияларды бағалау, қолданылған тәсілдердің нәтижесін бақылауға мүмкіндік береді.
Павлодарда экологиялық талаптарды бұзған 8 әкім жауапкершілікке тартылды
Соңғы жаңалықтар
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Мемлекет басшысы Анталияға дипломатиялық форумға қатысуға барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53
Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп сирек жер металдарын игереді
Қазақстан • Бүгін, 12:41
Жыл соңына қарай инфляция 10%-ға дейін төмендейді
Экономика • Бүгін, 12:30
Елімізде салық түсімдері 7 триллион теңгеге жақындады
Экономика • Бүгін, 12:21
Емханаларда тегін берілетін дәрілер дәріханаларда заңсыз сатылған
Қоғам • Бүгін, 12:06
Жамбылда байқауды робот жүргізді: Жаңа формат көрерменді таңғалдырды
Технология • Бүгін, 11:59
Қазақстан Тәжікстанға бидай экспортын 1,3 миллион тоннаға дейін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 11:44
Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Қазақстанда инсульттен болатын өлім-жітім 4%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 11:25
Шаруаларға сиыр етінің бағасын 3275 теңгеден асырмау міндеттелді
Экономика • Бүгін, 11:13