Астанада Шұбар елді мекені газға қосылды

06.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астананы газдандыру жөніндегі ауқымды жоба аясында елорданың Шұбар елді мекені табиғи отынға қосылды,–  Aikyn.kz деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Елорда әкімдігінің Энергетика басқармасы «Астана қаласын газдандыру. Құрылыстың III кезегі. Шұбар тұрғын алабын газдандыру (1-5 іске қосу кешендері)» жобасын іске асырды. Осы жұмыс аясында орта қысымды 7,5 шақырым газ жеткізу құбыры, сондай-ақ төмен қысымды 31,3 шақырым ішкі тарату желілері салынды. Нәтижесінде, елді мекендегі 890 жеке үй табиғи газға қол жеткізді.


Осыған дейін әкімдік тарапынан газбен қамту желілерін салу бойынша ауқымды жұмыс атқарылып, жалпы ұзындығы 950 шақырымды құрайтын газ желілері жүргізілген болатын. Қазіргі таңда «Көктал-1», «Көктал-2», «Агроқалашық», «Теміржолшылар», «Промышленный», Оңтүстік-Шығыс (оң жақ бөлігі), Оңтүстік-Шығыс (сол жақ бөлігі), «Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный», Family Village, Vela Village, «Үркер», «Тельман», «Кірпішті», сондай-ақ «Ақбидай», «Қазақауыл» шағынаудандары мен Потанин көшесі аумағындағы қаланың ескі бөлігін қоса алғанда, бірқатар елді мекен табиғи газға қосылды. Қазіргі уақытта газға 13,8 мыңнан астам абонент қосылған.

Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2 нысандарындағы 16 қазандық газға ауыстырылды. «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансалары салынды, олардың жиынтық қуаты 950 Гкал/сағ құрайды. Қуаты 620 Гкал/сағ болатын «Тельман» газ жылу стансасының құрылысы жалғасып жатыр.


Осылайша, биыл «Астана қаласын газдандыру» жобасында көзделген барлық елді мекен мен энергия көздері табиғи газбен толық қамтылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью