Астанада сиыр етінің бір келісі 2 700 теңгеден сатылатын жәрмеңке өтеді

13.11.2025

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астанада 15 және 16 қараша күндері Алаш тасжолының бойында орналасқан "Керуен жолы" базарында ет жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға Абай, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының фермерлері қатысады. Олар сиыр етін делдалсыз, бір келісін 2 700-3 000 теңге аралығында сатады.

«Біз мұндай жәрмеңкені былтыр да өткізгенбіз. Халықтың сұранысы жоғары. Бұл кезде жұрт көбіне соғымға тұтас ет алады. Фермерлер тікелей сатқандықтан, баға арзанырақ болады», – деді   ұйымдастырушы Айтуған Күзембаев.

Жәрмеңкеде еттен бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін де төмен бағамен сатып алуға болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью