Астанада соңғы 85 жылда болмаған ең ыстық ауа температурасы тіркелді

24.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, кеше елордада ауа температурасы +36,8 градусқа дейін көтерілген. Бұған дейін мұндай жоғары температура көрсеткіші 1941 жылы байқалған. Ол кезде сынап бағаны +36,4 градусты көрсеткен.

Айта кетейік, 31 мамырда Петропавл қаласында ауа температурасы +35 градусқа жетіп, 1943 жылдан бері сақталып келген рекордты жаңартқан болатын.

Синоптиктердің болжамынша, 25-27 маусым аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

Сонымен қатар солтүстік және батыс өңірлерде ауа температурасы 23-28 градусқа дейін төмендесе, оңтүстік пен шығыста аптап ыстық сақталып, күндізгі температура 40-42 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Еске сала кетейік, синоптиктер бүгін елімізде бірқатар өңірінде күн ыситындығын хабарлаған болатын. Ең жоғары температура Талдықорғанда тіркеледі деп болжанып отыр. Онда күндіз ауа температура +35…+37 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью