Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қаржы пирамидасынан миллиондаған теңге табыс тауып, шартты жаза алған, деп хабарлады Бас прокуратура.
Елорда тұрғыны 2023 жылдан 2025 жылға дейін әрекет еткен қаржы пирамидасын ұйымдастырған.
"Оған 6,2 мыңнан астам адам тартылып, ұйымдастырушының табысы 337 млн теңгені құраған. Ол мүлкі тәркіленбестен, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған", - деп жазылған хабарламада.
Алайда Бас прокуратура тағайындалған жеңіл жазамен келіспеді.
Кассациялық сот прокурордың наразылығы бойынша сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына жіберді.