Астанада сурдо футзалдан үздіктер анықталды

25.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте І орынды Астана қаласының командасы иеленді. Шымкент қаласы ІІ, ал Солтүстік Қазақстан облысының командасы ІІІ орынға ие болды. 

— Ел біріншілігі тартысты өтті. Жарыс айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылды. Чемпионат қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан командасының қатарына іріктеледі, — деді дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Арман Амренов.

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында футзалдан Қазақстан чемпионаты 18-24 сәуір аралығында өтті. Аталған додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарының спортшылары қатысты.

Айта кетейік, биылғы Еуропа чемпионаттарында үш қазақстандық футболшы жүлдеге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью