Астанада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары пысықталды

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай қалыптастырамыз?

Адалдық идеологиясын қайтсек ілгерлетеміз? Бұл Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің талқы тақырыбына айналды. Бүгін бірінші отырысын өткізді. Мәселе өзекті. Сондықтан пікірталасқа Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, академиялық қауымдастық, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Агенттікке былтыр коррупциямен күресте ағартушылық жұмысын жандандыру тапсырылған. Басқосудағы басты мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ортақ тәсілдер әзірлеу.

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Заңдық құқықтық нормативтік актілер қатаң болғанмен де қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп жатқан фактілерді көріп отырмыз. Сол себепті оның алдын алу үшін не істеу керек дегенде оның механизмдерін біз басқа халықаралық тәжірибелерді қарап отырсақ мәдениетті қалыптастыру. Яғни әр адаммен жеке жұмыс істеу, әр қоғам өкілдері, ұйыммен жұмыс істеу. Қоғам өкілдерін, заңгерлерді басын біріктіріп, қандай механизмдерді әрі қарай жетілдіреміз? Қандай жолға түсіреміз? Ағартушылықтың мақсаты неде? Пікір талас алаңын ұсынып отырмыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью