Астанада тағы да мұнара краны құлады, қаза тапқандар бар

31.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанада кранның құлауы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті. Зардап шеккендердің бірі ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін Қорғалжын тасжолында, №100 мектеп жанындағы салынып жатқан ғимарат маңында болды.

Оқиға орнынан түсірілген фото және видеоларды Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар жолдады.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған екі адам Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.

Пациенттердің бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Зардап шеккен екінші адам стационарда қажетті медициналық көмек алып жатыр.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қызылорда облысында жыл басынан бері 88 мыңнан астам ағаш көшеті егілді

29 тамыз 15:33 1

Тағы бір адам оқиға орнында көз жұмды. Оның мәйіті полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Бұл кейінгі бірнеше күн ішінде Астанада құрылыс краны құлаған екінші оқиға. 27 тамызда Е 908 көшесінде, Төле би көшесі мен Ұлы дала даңғылы қиылысына жақын жердегі құрылыс алаңында кран құлаған болатын. Салдарынан бір ер адам қаза тапты. Полиция тексеріс бастады.

Былтыр жазда да елордадағы құрылыс нысандарының бірінде кран құлаған еді. Сол оқиға салдарынан 30 жастағы кран операторы қаза тапқан болатын.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью