Астанада тағы екі оқушылар сарайы мен музыкалық мектеп салынады

28.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында салынатын жаңа нысандар туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытып келеміз, оның ішінде жаңа нысандарды салу да бар. Олар – мектептер, балабақшалар, спорт нысандары, студенттік жатақханалар, медициналық мекемелер, оқушылар сарайы және тағы басқа. Мәселен, биыл біз жеке инвестициялар есебінен тағы екі мемлекеттік оқушылар сарайын және бір музыкалық мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", - деп жазды елорда әкімі.

Жеңіс Қасымбек айтқан нысандар мына мекенжайларда орналасады:

Ақан сері және С189К көшелерінің қиылысы (№106 орта мектептің жанында);

М.Төлебаев көшесі (№116 орта мектептің жанында);

Сығанақ көшесі, №17/41 (№101 орта мектептің жанында).

Қала басшысы осыған дейін үш оқушылар сарайы салынып, пайдалануға берілгенін еске салды.

"2027 жылы осындай тағы 2 нысан салып, қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью