Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Елордада Taldau Run дәстүрлі спорттық іс-шарасы өтті. Жүгіруге 400-ден аса саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген белсенді азаматтар қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, талдау құрылымдарының өкілдері бар.
Сурет: azattyq-ruhy.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде барлық салада кешенді өзгерістер жүргізіліп жатыр. Жаңа Конституция мемлекеттік басқарудың заманауи әрі тиімді үлгісіне көшуін қамтамасыз ету және азаматтардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысу құқықтарын кеңейту жөніндегі реформалардың нақты нәтижесі екені сөз болды.
М.Әшімбаев осындай іс-шараларға қатысу нағыз азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі екенін айтты. Бұл – саналы және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 15 наурызда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтеді. Осы орайда басты нәрсеге назар аударуымыз керек. Яғни түпкілікті сөзді халық айтады. Сондықтан әркім өз ұстанымын білдіріп, еліміздің болашағын айқындайтын референдумға қатысу ерекше мәнге ие. Бүгін осылай белсенді, сыни ойлай алатын, ел ертеңіне бейжай қарамайтын ортада жаңа Конституция туралы айтуымыздың символикалық мағынасы терең деп есептеймін. Сіздердің әрқайсыңыз айналаңызды жасампаздыққа шақырып, үлгі көрсетіп келесіздер. Мұны алдағы жаңаруларға ықпал ететін ынталандырудың озық үлгісі деп қабылдаймыз», деп Сенат төрағасы қала әкімдігіне спорттық іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Соңғы жаңалықтар
Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда
Саясат • Бүгін, 09:45
Коалиция мүшелері Атырау облысының студенттерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 09:38
Ақтөбеде газ құю стансасында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:15
Спортшыларымыздың айқын жеңісі
Спорт • Бүгін, 09:10
Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:07
Ата заң жастардың әлеуетін арттырады
Саясат • Бүгін, 09:05
Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы
Әлем • Бүгін, 09:00
Әлем • Бүгін, 08:55
Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы
Саясат • Бүгін, 08:50
Азаматтар құқы мен бостандығы – басты орында
Саясат • Бүгін, 08:45
Азия даму банкі ауқымды жобаларды қаржыландыруға мүдделі
Саясат • Бүгін, 08:40
Зардап шеккендерге – жан-жақты жәрдем
Қоғам • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30