Астанада тіркелу ережелерін өзгерту жоспарлануда. Не күтуге болады

06.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Егер түзетулер қабылданса, елордада тіркеуге тұрудың екі жолы болады, - деп хабарлайды TengriHome.

Поделиться

Өзгерістер Қазақстан Республикасының «Астана қаласының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының қабылдануына байланысты енгізілмек.

Қазір барлық жаңалық «Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша тіркеу нормативі туралы» жобада көрсетілген. Құжат қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

Бұған дейін қалай еді?

Тұрғылықты жері немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативі бұған дейін де болған. Бір адамға кемінде 15 шаршы метр пайдалы тұрғын үй аумағы қарастырылған. Бұл талап отбасы мүшелері мен жақын туыстарға қолданылмайды. Айта кетейік, бұл нормативті елордалық мәслихат 2025 жылғы 26 желтоқсанда бекіткен. Ал қазір «Астана қаласының мәртебесі туралы» заңның күшіне енуіне байланысты бұл талаптар соған сәйкестендіріліп жатыр.

Болашақта қалай болуы мүмкін?

Егер қолданыстағы нормативке өзгеріс енгізілсе, Астанада тұрғылықты жері немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркеу екі шартпен жүзеге асады.

Біріншісі – адамның тұрғын үйге меншік құқығы болуы немесе оны жалға алу, қосалқы жалға алу, өтеусіз пайдалану шарты бойынша, не заңда көрсетілген басқа негізде пайдалану құқығының болуы. Екіншісі – Астанада жұмыс істеуі немесе қала аумағында кәсіпкерлікпен айналысуы. Норматив әзірлеу кезінде қандай тәжірибе ескерілді?

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жобаны дайындау кезінде шетелдік тәжірибе зерттелген.

"Тіркеу ережесін әзірлеу кезінде бірнеше елдің тәжірибесі қаралды. Ол елдерде азаматтарды тіркеу барысында санитарлық талаптар, бір адамға шаққандағы ең төменгі тұрғын үй көлемі және баспананы пайдалануға заңды негіздің болуы ескеріледі. Халықаралық тәжірибе Қазақстан заңнамасы мен елорданың даму ерекшелігіне сай тәсілдерді анықтау үшін зерттелді", — деп атап өтті басқармадағылар.

Бұл не үшін қажет?

Жоба авторларының айтуынша, жаңа талаптар тіркеу тәртібін жүйелеуге көмектеседі. Сонымен қатар, қала инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарға түсетін жүктемені алдын ала жоспарлауға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер Астанада тұрақты тұратындарға да, қалаға уақытша келгендерге де қатысты.

Норматив қашан күшіне енеді?

Қазір құжат жобасы келісу сатысында. Кейін ол Астана мәслихатының кезекті сессиясына шығарылады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Астана тіркеу ережелер өзгеріс

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью