Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 93-ші отырысы өтті, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекараларын қорғаудың, ақпарат алмасуды автоматтандырудың, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын іске асырудың, қылмыспен күресу жөніндегі бірлескен шаралардың өзекті мәселелері талқыланды.
"Кездесуге қатысушылар Достастық кеңістігінде шекара қауіпсіздігін нығайтуда ШӘҚК маңызды рөлін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Халықаралық іс-шараның қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.
Іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан шекаралық ведомстволарының, сондай-ақ ШӘҚК Үйлестіру қызметінің, ТМД Атқарушы комитетінің, Терроризмге қарсы орталықтың, ТМД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру бюросы және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының басшылары мен сарапшылары қатысты.