Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ол «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Полиция мәліметінше, жүргізуші наурыз бен маусым аралығында жылдамдықты 55 рет асырған, сондай-ақ қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолаққа 32 мәрте заңсыз шыққан.
Талдықорғанда қаралым жинау үшін жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Құқық бұзушылықтардың бірінде ол рұқсат етілген 60 км/сағ орнына 151 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Бұдан бөлек, бірнеше рет 129 км/сағ-тан жоғары жылдамдықпен қозғалған сәті бейнебақылау камераларына тіркелген.
Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысының өзге қатысушыларына елеулі қауіп төндіргенін атап өтті. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.