Астанада түнгі клубта атыс шығарған ер адам сотталды

21.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: istockphoto.com

Астана қаласы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, сотталушы спирттік ішімдік ішіп, газ толтырылған шарларды тұтынғаннан кейін түнгі клубқа келушілерге себепсіз тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Оның әрекетіне ескерту жасап, мінез-құлқының себебін сұраған азаматқа күдікті газды тапаншадан кеуде тұсына екі рет оқ атқан. Салдарынан жәбірленуші дене жарақатын алған. Оқиғадан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады», делінген хабарламада.

Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған

Сот үкімімен ол газды қаруды қолданып бұзақылық жасағаны үшін 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтаудағы дәмханалардың бірінде атыс болып, салдарынан ер адам бет тұсынан оқ жарақатын алған еді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью