Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

23.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанадағы "Береке" тұрғын үй кешенінде жойқын өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы "Береке" тұрғын үй кешенінде жойқын өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлер 13 қабатты тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарына жайылған жалын мен будақтаған түтінді видеоға түсіріп алған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Байқоңыр ауданы, Отырар көшесіндегі тұрғын үй кешенінде болған.

112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Кадрларға қарағанда, өрт пәтерлердің бірінен шыққан болуы мүмкін. Тілсіз жау терезе әйнектерін сындырып, сыртқа лап қойған.

Қазіргі уақытта құтқарушылар өртті сөндіруді жалғастырып жатыр.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Сағат 12:09-да өртсөндірушілер тілсіз жаудың ауыздықталғанын хабарлады.

"Өрт сөндіру бөлімшелері алғашқы болып жеткен кезде техникалық қабаттағы балкон ашық жалынмен жанып жатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ашық жалын басылды", - деп мәлімдеді ТЖМ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью