Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде бұзақылық жасаған жартылай жалаңаш ер адам қамауға алынды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның лифт есігін бірнеше рет тепкілеп, кіреберістегі балалар арбасын аударып жібергені көрінеді.

Бұдан кейін ол іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындыруға әрекеттенген.

Полицияның мәліметінше, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Сонымен қатар 30 жастағы ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін жауапқа тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью